Алматыда өтетін веложарысқа А.Винокуров пен Фабио Ару қатысады

Алматыда 21 маусым күні өтетін веложарысқа атақты шабандоздар – Александр Винокуров пен Фабио Ару қатысады, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, жарыс «Сұңқар» шаңғы трамплині кешенінен басталып, одан әрі Әл-Фараби даңғылынан Розыбақиев көшесіне дейін, содан кейін Розыбақиев көшесінен Абай даңғылына дейін, Абай даңғылынан Орталық стадионға дейін өтеді. Мәре сызығын алғашқы болып кескендерға естелікке бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Айта кетсек, Александр Винокуров – қазақстандық кәсіби велошабандоз, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Астана» велокомандасының бас менеджері.

Фабио Ару – Pro Team Astana командасының атынан өнер көрсететін кәсіби велошабандоз. 2014 жылы Джиро д'Италия жарысында жалпы есепте үшінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или