Футбол

«Манчестер Сити» - Англия чемпионы!

«Манчестер Сити» - Англия чемпионы!
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Англия чемпионатының соңғы турында жеңіске жеткен «Манчестер Сити» ел чемпионы атанды. 

«Этихад» стадионында «Вэст Хэмді» қабылдаған Мануэль Пеллегринидің командасы қонақтардың қақпасына екі жауапсыз гол соғып, маңызды жеңіске қол жеткізді. Осылайша, манчестерлік команда «Ливерпульді» екі ұпайға озып турнир кестесінде бірінші орын алды. Үшінші орында Моуриньо баптайтын «Челси» жайғасса, үздік төрттікті лондондық «Арсенал» қорытындылады. Еуропа лигасына жолдама беретін бесінші орынды «Эвертон» иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер