Құрлықаралық Кубок Астанада емес, Алматыда өтеді
<p style="text-align: justify;">
<strong>24-29 сәуір арасында болатын футзалдан Құрлықаралық Кубогы Алматыда, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтеді.</strong> </p>
<p style="text-align: justify;">
Бұл туралы ертерек белгілі болды. Алайда ФИФА аясында өтетін турнир Астанада болуы мүмкін еді. Бірақ дереккөздің хабарлауынша, елордалық алаңдар бұл доданы ұйымдастыруға дайын емес екен.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, бұл турнирге «Қайрат», «Динамо» - аталмыш сайыстың қазіргі жеңімпазы, «Интер Мовистар», бір бразилиялық және американдық командалар қатысады. Сонымен қатар, Жапония мен Колумбиядан да бір клубтан келеді. Ал Кубоктың нақты құрамы кейінірек белгілі болады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или