Фумаса: «Динамо» өткен жылға қарағанда мықтырақ»

«СКА-Юг» командасына қарсы болған ойында «Қайраттың» бразилиялық ойыншысы Фумаса екі рет қарсылас қақпасын дәл көздегенімен, әлі де өзіне көңілі толмайтынын айтты.

- Дубль авторы атанғанымы қуаныштымын. Екі голдан да артық салғым келіп еді, бірақ қарсыласымыз сауатты қорғанды. Бүгін матчта «СКА-Юга» қақпашысы тамаша ойын өрнеігн көрсетті.

- Егер ертең тараздық команданы жеңсеңіздер, чемпионатты ерте аяқтап, жеңімпаз атанасыздар...

- Жеңсек жақсы болар еді. Бірақ, матч тағдыры ертең шешіледі. Сондықтан ертерек болжам жасамайық. Алда әлі УЕФА Кубогі ойындары бар.

- Қарсыластарыңыз мәскеулік ұжым туралы айтып өтсеңіз?

- Бір айтарым, «Динамо» өткен жылға қарағанда мықтырақ көрінеді. Густаво жарақатынан айығып, алдағы уақытта командасына көмектеседі. Мен үшін ең қауіпті ойыншы - Ромуло. Ал, ойын екі команда үшін де қиын, әрі қызықты болғалы тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или