Тұрсынғалиев Голливудта жұдырықтасады

Тұрсынғалиев Голливудта жұдырықтасады

<span>Жеңілістің ащы дәмін татпаған кәсіпқой боксшысы Мұса Тұрсынғалиевтің (9-0, 6 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі.</span>

<span>BoxRec.com басылымының хабарлауынша, Тұрсынғалиевтің келесі айқасы 12 шілде күні Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel and Casino аренасында болады. Қарсыласы әзірге белгісіз. Жартылай жеңіл салмақ санатында өтетін кездесу 8 раундқа шақталған. Бокс кешінде тағы бір қазақ боксшысы Иван Дычко (8-0, 8 КО) рингке көтеріледі, оның қарсыласы бразилиялық Рафаэль Зумбано (39-16-1, 31 КО) болмақ. </span>

<span>Еске сала кетейік, Мұса соңғы жекпе-жегін де дәл осы аренада өткізген болатын. 1 наурыз күні ол америкалық Винсент Дженнингсті (6-7-2, 4 КО) ұпай санымен жеңген.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или