Головкин - Роллс жекпе-жегінің статистикасы жарияланды
Бокстағы соққыларды есепке алатын компьютерлік жүйе CompuBox (Computerized punches scoring system) Головкин - Роллс жекпе-жегінің статистикасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Compubox мәліметінше, 4 раунд ішінде Головкин 233 соққы жасап, 62-ін дәл тигізді (28 %). Джебтерінің 108-інің 14-і тиген (13 %), ал қуатты соқыларының 115-сінің 48-і (32,2 пайыз) дөп тиген.
Ал Роллс азырақ соққы жасаған (175). 38 соққысы дәл тиген (22%). Америкалық боксшының джебтерінің 71-інің 13-і тисе (18 %), 104 қуатты соққысының 25-і (24 %) дөп тиген<span>.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или