Қазақстандық спортшы М-1 Global бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық файтер Гойти Дазаев (8–1)Нұр-Сұлтан қаласында өтетін М-1 Global турнирінде тәжірибелі украиналық Александр Бутенкомен (47–14) жекпе-жек өткізеді.
Бастапқыда 32 жастағы М-1 Global чемпиондық белбеуінің бұрынғы иегері Александр Бутенко ресейлік Максим Грабовичпен кездесу керек болған. Алайда оның орнына қазақстандық Гойти Дазаевпен қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, аталмыш кеште M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы Шавкат Рахмонов (11-0) белбеуін қорғаса, Сергей Морозов (10-4) ресейлік Александр Осетровқа (5-0) қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или