M-1Challenge 102: Сергей Морозов титулды жекпе-жек өткізеді

M-1Challenge 102: Сергей Морозов титулды жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов кезекті кездесуін қашан өткізетіні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

28 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында 61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жерлесіміз M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы атағына таласқа түседі. 

Қазақстандық спортшы ресейлік Александр Осетровқа (5-0) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Сергей бұған дейін 14 жекпе-жек өткізіп, 4 рет жеңіліске ұшыраса, 10 рет қарсыластарынан басым түскен. 

Айта кетейік, бұл турнирдің басты жекпе-жегінде Шавкат Рахмонов чемпиондық атағын қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или