Әлем футболы

2022 жылғы әлем чемпионатына 48 құрама қатыспайтын болды

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық футбол федерациясы 2022 жылғы әлем чемпионатына 32 құрама қатысатынын мәлімдеді. Бұл туралы 24.kz жазды.

Бұған дейін ФИФА президенті Джанни Инфантино Катардағы доп додасына 48 команда келуі мүмкін екенін хабарлаған еді. Осыған байланысты кейбір матчтарды Кувейт пен Оман елінде өткізу жоспарда болды. Бірақ қысқа уақытта Катарда үлкен өзгеріс жасау мүмкін емес - дейді мамандар.

Сонымен қатар, Оман турнирді қабылдаудан бас тартты. Катар араб түбегіндегі мемлекеттер арасынан тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатын ұйымдастырады.

Дүниежүзілік доп додасы алғаш рет қараша-желтоқсан айларында өтеді. Ал 2026 жылдан бастап әлем біріншілігіне 48 құрама қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер