Данияр Елеусіновтың жекпе-жегін қай арна көрсетеді
«Хабар» телеарнасы қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың келесі жекпе-жегін көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Арнаның бағдарламалар кестесіндегі мәліметке сүйенсек, трансляция 26 мамырда астана уақытымен 6:05-те басталады.
Елеусінов рингке Оксон Хиллдегі (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кеші аясында шығады. Бұл оның кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегі болмақ. Алғашқы алтауында жеңіске жеткен, үшеуі – нокаутпен.
Айта кетейік, мамырдың басында Данияр Елеусінов 8 маусымда Геннадий Головкинмен бір кешке жұдырықтасады деген ақпарат шыққан еді. Алайда кейін Головкин Елеусіновтың өз кешінде шыққанын қаламаған.
<h4>Шәріпова: Түсінбейтінім, Головкин жерлестеріне неге бұлай істейді</h4> <h4 class="title">Елеусінов қолдау білдіргені үшін Шәріповаға алғыс айтты</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или