Бокс

Данияр Елеусінов Головкиннің андеркатында жұдырықтаспайды

Данияр Елеусінов Головкиннің андеркатында жұдырықтаспайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Головкин - Роллс жекпе-жегінің андеркартында жекпе-жек өткізбейді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Отандасымыздың 8 маусымда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) арасындағы жекпе-жек кешінде шаршы алаңға шығу қажет болатын. Алайда бүгін белгілі болғандай Данияр Елеусінов 25 мамыр күні жұдырықтасады.

Айта кетейік, алғашқыда Данияр Елеусінов 25 мамыр күні Усик - Такама жекпе-жегінің андеркартында шаршы алаңға шығуға қажет болатын. Алайда артынша Олимпиада чемпионы Головкиннің андеркартында қолғап түйістіреді деген ақпарат шықты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер