Елеусінов пен Головкин бір кеште жұдырықтасады
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Усик - Такама жекпе-жегінің андеркартында жекпе-жек өткізбейді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Отандасымыздың 25 мамырда АҚШ-та өтуі қажет болған жекпе-жегі кейінгі шегерілді.
<span>«Даниярдың жекпе-жегінің өтетін күнін 25 мамырдан 8 маусымға - Геннадий Головкиннің кешіне ауыстыруды жөн көрдік. Айқас 10 раундтан тұрады, ал оның қарсыласын жақында жариялаймыз», - деді Данияр Елеусіновтің </span>менеджері Зия Әлиев.
<span>Айта кетейік, 8 маусымда орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Нью-Йоркте жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездеседі. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или