Бота Батырбекова велоспорттан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында топ жарды
Алматы облысының Талғар қаласында велоспорттан жасөспірім қыздар арасындағы көпкүндік мәресіне жетті. Жарыс нәтижесі бойынша Алматы облысының өкілі Бота Батырбекова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды prosport.kz сайты olympic.kz порталына сілтеме жасап.
Батырбекова 40 шақырымға созылған төртінші кезеңде бірінші орын иеленді. Ол аталған қашықтықты 1.32:48 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. Екінші және үшінші орынға Қызылорда облысының спортшылары Әсем Төлемісова мен Анастасия Иванова орналасқан.
Төрт кезең қорытындысы бойынша көш бастаған Бота Батырбекова жалпы есепте топ жарып, ел чемпионы атанды. Екінші орында оның командаласы Анастсия Лынник. Ел чемпионатының қола жүлдесі қызылордалық Әсем Төлемісованың еншісінде.
Жалпы командалық есепте Алматы облысы бірінші, Қызылорда облысы екінші, Алматы қаласы үшінші орынды иеленді.