Артем Захаров Silk Way Series Astana-ның «Омниумында» жеңіске жетті

Артем Захаров Silk Way Series Astana-ның «Омниумында» жеңіске жетті

Нұр-Сұлтанда велотректен Silk Way Series Astana халықаралық турнирі жалғасып жатыр. Артем Захаров «Омниум» кезеңінде алтын медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Турнирдің төрт түрінен кейін Захаров 185 ұпай жинаған. Осылайша, ол бірінші орынға табан тіреді.

Екінші орынды да отандасымыз Сұлтанмұрат Міралиев еншіледі. Ол 171 ұпай жинады.

Ал Никита Панасенко мен Роман Василенков, тиісінше, 8 және 13-орындарды алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или