АПЛ - ең үздік
Әлем футболы

Мадридте ағылшын финалы!

Мадридте ағылшын финалы!
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай финалдағы екі текетірестің тағдыры да екінші матчтың екінші таймында шешілді.

Йохан Кройффтың құрметіне «Барселона» - «Аякс» финалын көргісі келген романтиктердің арманы орындалмайды.

Соңғы жылдары «қарт құрлықтың» клубтық футболында испан елінің үстемдігі жүріп тұрған. Төрт жыл қатарынан «Барса» мен «Реал» билік құрды. Ағылшын командасы былтыр алты жылда тұңғыш рет финалға шыққанымен, сол испан командасына тіс батпады. Ел мақтаған АПЛ клубтары Чемпиондар лигасына келгенде неге білгендерінен жаңылады деген заңды сұрақ көкейде тұратын.

Ағылшын командалары арасынан бірінші болып «Ливерпуль» бас көтере бастады. Өзгенінің үстемдегіне көнбейтін қайтпас қайсар ұжым былтыр шешуші ойынға дейін барды. Әйткенмен, Клопп машинасына осы турнирдің қожайынына айналған мадридтік «Реалды» ұту бұйырмады. Ал, осы жылы «қызылдардың» қарқынына ешкім төтеп бере алмады. «Бавария», «Барселона». Соңғысын жермен-жексен етті. «Алтын допты» алтыншы рет алуға үмітті Мессидің мысын басты.

Лондонда жеңіліп, финалды өздерінен алыстатқан «Тоттенхэм» кеше Амстердамда «Аякстың» апшысын қуырды. «Ливерпульға» АПЛ-да қол жетпесе де, Чемпиондар лигасының финалында шалып қалуды Почеттино сарбаздары мақсат етсе керек. Екінші таймға керемет мотивациямен шықты. Жалындап тұрған жастардың қарсылыған елемеді де. Ащы аяқтады «Аякс» ертегісін.

Қызық, бір құдіретті күш камбэктерге ізбе-із куә қылып жатыр. Кейн жарақат алып, кешегі матчтан тыс қалмағанда Лукас Моура алаңға шығар ма еді? Немесе алдыңғы матчқа Салах пен Фирмино қатысқанда ше? Дәл осы екеуінің ойының, бір-бірімен түсіністігін әбден зерттегенін «Барселона» «Камп Ноуда» көрсеткен. Ал, Оригидің орындауындағы футболға дайын болмай шықты. Хендерсонның таза ондықтың рөліне шыққанын да болжай алмады. Амалсыздан жасалған амалдар еді бұның бәрі.

Бізге ешкім тең келмес деп ұрандатқан елдің астанасында ағылшындар Чемпиондар лигасының кубогын сарапқа салады. «Ливерпуль» жеңіп жатса, былтырғы финал үшін мадридтің «Реалына» қатқан әдемі жауабы болар еді.

Ағылшындар 11 жыл күтті бұл оқиғаны. Шешуші кездесуге жолдама алған екі команданың екеуі де жеңіске лайықты. Әттең, кубок біреу-ақ...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер