Дінмұхамед Ұлысбаев Францияда 11-шы орын алды
Францияда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында «Ұлттар кубогы» веложарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирге қатысушылар 180 шақырым жолды басып өтті.
Бұл жарыста италиялық шабандоз <span>Александр Конычев топ жарды.</span> Екінші, үшінші орындарды голландиялық <span>Марлен Каиистро мен </span>Италия спортшысы Мишель Газоли иеленді.
Ал Қазақстан командасы сапынан үздік нәтижені Дінмұхамед Ұлысбаев көрсетті. Ол мәре сызығын 11-шы болып кесті. Басқа шабандоздарымыздың көрсеткіші: Максим Гридчин 28-ші, Болат Ниязов 50-ші, Данил Марухин 87-ші, Олжас Баембаев 184-ші.
Жалпы командалық есепте қазақстандық спортшылар 11-шы орыннан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или