Олжас Сүлейменов: Спортта заман көшінен қалмау маңызды

Олжас Сүлейменов: Спортта заман көшінен қалмау маңызды

Қазақстанның Еңбек Ері, танымал ақын Олжас Сүлейменов <span>«Алматы Аренада» өткен Төрттік финалдан алған әсерімен бөлісті. </span>

<span>-Қайратты» қолдаған жанкүйерлер қарасының көптігіне таңғалдым. Футзалшыларымыз да «Барселонаға» қарсы ойынды тамаша деңгейде өткізді. Өзі көтерген деңгейді «Спортингпен» болған матчта ұстап тұра алмады. </span>

<span>Бүйрегім волейболға бұрып тұратынын жасырмаймын. Бірақ, «Қайраттың» ойындары футзалға шыңдап қызуға түрткі болды. Құрам бірыңғай түлектерден құралса нұр үстіне нұр болар еді. </span>

<span>Спортта заман көшінен қалып қалмау өте маңызды. Бір кездері бокстың өзі қазақ үшін таңсық болатын. Ал, бүгінгі таңда бұл спорт түрінен күллі әлемге таңымалмыз. Ешбір спорт қанмен келмейді-ау, қайтпас қайсарлықтың, тыңбай еңбектенудің арқасында өз жемісін береді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или