Футзал

Айтхожин: «Қайрат» ойыншылары керемет ойын көрсетті

news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин футзалдан Чемпиондар Лигасының финалындағы «Қайрат» пен «Спортинг» арасындағы ойынның нәтижесіне (1:2) қатысты пікірін білдірді.

- Матч екі команда үшін де қиынға түсті. «Алматы Арена» спорт кешеніне жиналған жанкүйерлердің қолдауына ие болған «Қайрат» ойыншылары керемет ойын көрсетті. Алайда, шешуші сында Қазақстан чемпионының жолы болмады.

Алайда, финалға шығу – «Қайраттың» және отандық футзалдың басты жетістігі. Жартылай финалда атақты «Барселонаны» ұтқанын ұмытпаған абзал. Алматылық ұжым жарқын жеңістері әлі алда! Алға, Қазақстан!» - деді Азамат Айтқожин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер