Футзал

«Спортинг» Чемпиондар лигасын жеңіп алды

«Спортинг» Чемпиондар лигасын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының финалында португалиялық «Спортингке» есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты

Жартылай финалда «Интерді» жеңген «Спортинг» пен «Барсаны» жарыстан шығарған «Қайрат» чемпиондық тәжге таласты.

Ойынның алғашқы минутында Тайнанның жасаған соққысы бағанаға тиді. Португалиялықтар біздің қақпаға қанша соққы жасағанымен, Игита орнынан табылды.

4-минутта Тайеби қарсыластарға қарсы соққы жасады. Алайда «Спортинг» қақпашысы дер кезінде допты қаға білді.

Алматылықтар кездесудің 7-минутында есеп ашуға жақын болды. Алайда «Қайратқа» дәлдік жетіспеді.

Алматылық голкипер Игита қақпаға бірнеше соққы жасағанымен, португалиялық Гитта допты қайтара білді.

Таймның аяқталуына бір минут қалғанда Тайнан қарсыластарға тағы бір гол соғуға ұмтылыс жасады. Алайда «Спортинг» қорғаушысы Лео шеберлік танытып, допты қақпа сызығынан алып шықты. Үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.

Екінші тайм португалиялықтар үшін сәтті басталды. 22-минутта «Спортингтан» Кавинато есепті ашты.

27-минутта қарсыластарымыз тағы бір гол соғып, есеп айырмасын ұзартты. Бұл жолы 15-нөмірлі Мерлим қақпаны дәл көздеді.

Екінші таймның ортасында «Қайрат» португалиялық клубқа қарсы бірнеше соққылар жасады. Алайда, барлығы қақпадан қиыс кетті.

Ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда алматылық «Қайрат» есеп айырмасын қысқартты. Гол соққан – Дуглас. Қорытынды есеп - 1:2. Осылайша, «Спортинг» УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Чемпиондар лигасы. Төрттік финал

«Спортинг» «Қайрат» 2:1 (0:0)

Гол: Кавинато (0:1) 21:17, Алекс Мерлим (0:2) 26:49, Дуглас (1:2) 37:39

«Спортинг»: Гитта (Қ), Эрик, Диегиньо, Алекс Мерлим, Кавинато

«Қайрат»: Игита (Қ), Эдсон, Ранжел, Джон Леннон, Тайнан

Алматы, «Алматы Арена», 11 973 көрермен.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер