«Интердің» бас бапкері Хесус Веласко: Төрешілерге айтар шағымым бар
«Интердің» бас бапкері Хесус Веласко футзалдан Чемпиондар лигасының үшінші орны үшін «Барсаға» қарсы өткен матч жайлы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Бұл ойынға дұрыс дайындала алмадық, бірақ Король кубогында жігеріміз бөлек болады. Жарақаттанған ойыншылар әзірше өз деңгейлерін көрсеткен жоқ. Төрешілерге айтар шағымым бар, олардан таза жұмыс күтіп едік. Бүгінгі кездесуді ұмытып, отанымызда өтетін матчтарға дайындалуымыз керек. Реванш алу қажет», - деді Веласко.
Айта кетейік, <span>«Интер» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші орны үшін өткен матчта «Барсадан» 1:3 есебімен ұтылған болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или