Футзал

Азамат Айтқожин: «Қайрат» керемет ойын көрсетті

Азамат Айтқожин: «Қайрат» керемет ойын көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин барша футбол жанкүйерлерін футзалдан Чемпиондар Лигасында «Барселонадан» басым түскен «Қайраттың» жеңісімен құттықтады.

«Алматылық «Қайрат» пен атақты «Барселона» арасындағы ойын аса тартысты өтті. Біздің ойыншылар ұрымтал сәттерді оңтайлы пайдаланып, қорғаныста өте сауатты ойын көрсетті. Бас бапкер Кака шәкірттері мыңдаған жанкүйерлер алдында ойын соңына дейін қате жібермей, сенімді ойнады.

«Қайрат» ойыншылары Еуропадағы кезекті керемет ойынын көрсетті. Әлемнің ең мықты ұжымдарының бірі екенін дәлелдеді. Футзалдан Чемпиондар Лигасының финалына шығумен шектелмей, 28 сәуір күні алматылық команда «Спортингпен» өтетін ойында жеңіс үшін алаңға шығатынына кәміл сенемін. Алға, Қазақстан!» - деді ҚФФ Бас хатшысы.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер