Кака: Шәкірттеріммен мақтанамын

Кака: Шәкірттеріммен мақтанамын

«Кайрат» футзал клубының бас бапкері Чемпиондар Лигасының жартылай финалдағы жеңістен кейін журналистерге сұқбат берді.

-Мен өз шәкірттеріммен мақтанамын. Бірінші таймда біз қарсыластан кем түспедік. Алайда, жеңіс үшін оның жеткіліксіз екенін командаға жеткіздім. Бірінші гол шешуші рөл атқарды деп ойлаймын. 

Бүгін «Кайраттың» шеберлігіне куә болдыңыздар. Команда ойыныңда өзгеріс жоқ деген әңгімелерді де құлағым шалып жүр. Сын пікірлер бізді ұжым ретінде мықты болуға қайрай түсті. 

Дугластың жарақаты ауыр деп айта алмаймын. Ұзақ уақыт ойнамағандықтан, толық матчқа организм шыдамаған да болар. Темірден емес, ет пен сүйектен жаратылған ол да адам баласы. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или