Хесус Веласко: Қарсыласқа сәттілік жолдас болды
«Интер» футзал клубының бас бапкері Хесус Веласко «Спортингке» қарсы кездесуден кейін журналистерге сұқбат берді.
-Команданың жеңілісіңе не себеп болды?
-Ойын тең дәрежеде өтті деп ойлаймын. Сәттілік «Спортинг» командасына бүйрегін бұрып тұрды.
-Мүмкін, қарсыласты өз дәрежесінде бағаламаған боларсыз?
-Ол жайлы әңгіме қозғаудың қажеті де жоқ. Иә, соңғы кездері бұл команданы жеңіп жүрдік. Әйткенмен, қарсыластың мықтылығын біз жақсы түсіндік. Жартылай финалда ойын селқос қарау деген ұғым жоқ. Шәкірттерім өз деңгейіңде өнер көрсете алмады. Оған өзіміз ғана кінәліміз. Болашақта қателіктен сабақ алуға тырысамыз.
-Чемпиондар Лигасының келесі маусымына жолдама алуға қауқар бар ма?
-Король кубогы арқылы жолдама алуға тырысамыз. Біз бесінші орында келе жатқан ішкі біріншілік те бар.
Еске сала кетейік, «Спортинг» Чемпиондар Лигасының жартылай финалында «Интерды» 5:3 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алған еді. Португалдықтар шешуші кездесуде «Қайрат»-«Барселона»матчының жеңімпазымен кездеседі.