Футзал

Нуну Диаш: Финалда кіммен ойнайтымыз маңызды емес

Нуну Диаш: Финалда кіммен ойнайтымыз маңызды емес
news-banner7
mobile-news-top

«Спортингтің» бас бапкері Нуну Диаш өз командасы «Интерді» жеңгеннен кейін өз әсерімен бөлісті.

«Интерді» бірліктің, командалық күштің арқасында жеңдік. Матчтың басында рикошет болды. Бақытымызға орай, Део бірден есепті теңестіріп тастады. бұл бізге қатты көмектесті. Екінші таймда біз жинақы ойнап, өзіміз қалаған нәтижеге қол жеткізе алдық.

Енді финалда кіммен ойнайтымыз маңызды емес. Ол «Қайрат» па, «Барселона» ма – бәрібір. Мен тек өз командам туралы ойлаймын. Мұнда екі матч ойнаймыз деп келдік», - деді Нуну Диаш.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер