Хесус Веласко: Жартылай финалда бағаламау деген ұғым жоқ
УЕФА чемпиондар лигасының жартылай финалында <span>«Спортингтен» 5:3 есебімен ұтылған</span> «Интер» командасының бас бапкері журналистердің сұрағына жауап берді, деп жазады<span> Prosports.kz.</span>
- Бүгін не үшін жеңілдіңіздер?
- Біз тең деңгейде өткен ойында жеңілдік. Сәттілік «Спортинг» жағында болды. Олар әрі кейбір сәтте бізден мықтырақ болды.
- Мүмкін қарсыласты бағаламау болған шығар?
- Бұған дейін де сан мәрте жолыққан <span>«Спортинг» сынды мықты команданы бағаламау мүмкін емес. Ойынның соңғы минуттарында біз көбірек шабуыл жасағанымызбен, қарсыластың мықты екенін мойындадық. Жартылай финалда бағаламау деген ұғым жоқ. Жақсы өнер көрсете алмағанымыз үшін өзіміз кіләліміз. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или