Футзал

«Спортинг» «Интерден» кегін алды

«Спортинг» «Интерден» кегін алды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының Төрттік финалы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жартылай финалдың алғашқы ойынында португалиялық «Спортинг» пен испаниялық «Интер» командалары кездесті.

Матчтың бірінші жартысы алма кезек шабуылдармен өтті. Ойынның есебін номиналды қонақтар ашты. «Интердің» кезекті шабуылы барысында «Спортинг» қорғаушысы Кари допты өз қақпасына соғып алды. Бұл матчтың 6-минуты болатын.

Бұған «Спортингтің» жауабы көп күттірмеді. Бірнеше секундтан соң Део алаң ортасынан сытылып өтіп, допты қақпада тулатты. Үзіліске дейін командалар есепті өзгерте алмады – 1:1.

Екінші таймның басында «Спортинг» ойыншысы Диегиньо допты қақпаға дәл соға білді. Есеп - 2:1. Ойынның 10-минутында Диегиньо тағы да гол соғып, қарсыластарына ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда Диегиньо хет-трик авторы атанды. Есеп – 4:1.

Бірақ испаниялықтар да оңай беріле салмады. Араға минут салып, «Интер» сапынан Бебе көзге түсті. Матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда екі команда гол алмасып үлгерді. Алдымен «Спортингтен» Кардинал көзге түссе, кейін «Интер» ойыншысы Гадея ойын нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 5:3, «Спортинг» финалға жолдама алды.

Айта кетейік, «Спортинг» пен «Интер» бұған дейін қатарынан екі жыл бойы Чемпиондар лигасының финалында кездескен болатын. Екеуінде де испаниялық клуб жеңіске жеткен еді.

Чемпиондар лигасы. Төрттік финал

«Спортинг» «Интер» 5:3

Гол: Кари (аг) 6, Део 6, Диегиньо 24, 30, 36, Бебе 37, Кардинал 39, Гадея 39.

«Спортинг»: 14 Гитта (Қ), 8 Эрик, 13 Диегиньо, 15 Алекс Мерлим, 17 Кавинато

Резервте: 1 Гонсалу (Қ), 2 Лео, 6 Педру Кари, 7 Кардинал, 9 Жоау Матуш (К), 10 Део, 11 Винисиус Роша, 18 Пани Варела, 20 Алек

«Интер»: 1 Хесус Эрреро (Қ), 2 Ортис (К), 7 Пола, 10 Рикардинью, 13 Гадейя

Резервте: 15 Алекс Гонсалес (Қ), 3 Умберто, 5 Бебе, 6 Даниэл Шираиши, 11 Марсел Маркес, 12 Борха, 14 Рафаэль, 17 Марлон Араужо, 19 Элисандро

26 сәуір. Алматы, «Алматы Арена». 6700 көрермен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер