Максим Попугаев Азия чемпионатында алтын медаль алды
Ташкент қаласында велоспорттан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ерлер арасында жеке жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған бағдарлама бойынша алтын медальді қазақстандық <span>Максим Попугаев жеңіп алды.</span>
Бұл осы кезекті құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен төртінші медаль. Бұған дейін Қазақстан ерлер командасы алтын, ал қыздар командасы күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Ал қыздар арасындағы жекелей сында отандасымыз Ульяна Сухоребрик жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или