Футзал

Игита «Қайрат» сапында 2024 жылға дейін доп тебеді

Игита «Қайрат» сапында 2024 жылға дейін доп тебеді
news-banner7
mobile-news-top

Proports.kz сайты УЕФА чемпиондар лигасы Төрттік финалы қарсаңында өткен «Қайрат» футзал клубының баспасөз мәслихатын назарларыңызға ұсынады. Баспасөз жиынында клубтың жаңа ойын формасы таныстырылды әрі қақпашы Игитамен жаңа келісімшарт жасалды.

Баспасөз конференциясында алматылық команданың үздік ойыншысы Игита клубпен келісімшарт мерзімін ұзарту туралы және өзге командалардың қызығушылығы туралы ойын айтты.

- Клуб басшыларына, жаттықтырушылар штабына және командаластарыма алғыс айтқым келеді. Олар менің мансабымды дамытуыма және осында өзімді жайлы сезінуге мүмкіндік берді.

«Барселонаның» ұсынысы? Мен басқа клубтардың қызығушығы мен ұсыныстары болғанына қуаныштымын, бірақ ұзақ уақыттан бері «Қайратта» өнер көрсетіп жүрмін. Алматыда өзімді өте жақсы сезінемін. Өзге кулбтардың қызығушылығы маған тың мотивация сыйлайды. Бірақ «Қайратта» өзімді өте жақсы сезінемін.

Айта кетейік, биылғы төрттік финал Алматы қаласындағы «Алматы-Арена» көпфункциялы спорт кешенінде 26-28 сәуір аралығында өтеді. 26 сәуір күні 18:45-де «Спортинг» «Интермен», ал 21:30-да «Қайрат» «Барселонамен» ойнайды.

Сәуірдің 28-і күні сағат 17:30-да үшінші орын үшін матч, ал сағат 20:00-де турнирдің финалдық кездесуі өтеді.

Жылдың басты футзал турниріне билеттерді zakazbiletov.kz, kassir.kz және ticketon.kz сайттарынан сатып алуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер