«Интер» — «Спортинг»: кездесулер тарихы

«Интер» — «Спортинг»: кездесулер тарихы

2018/19 жылғы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының Төрттік финалы Алматы қаласында өткелі жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматыда қазақ футзалының мақтанышы «Қайраттан» бөлек, «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Испания), «Барселона» (Испания) командалары өнер көрсетеді.

Аталған төрт команда да — Еуропа футзалының сорпа бетіне шығарлары. Кез келгені Алатау баурайында топ жаруы мүмкін. Десе де, бұлардың арасында бір командаға ерекше назар аударуға тура келеді. Ол турнирдің қазіргі сәттегі чемпионы — «Интер». Алматыдағы бәсекенің басты фаворит де осы команда.

Бұған дейін осы айтулы дода алдында УЕФА кубогы Төрттік финалына қатысатын командалардың тарихымен бүге-шігесіне дейін таныстырған едік. Ендігі Еуропаның басты жүлдесіне басты үміткерлер, қазіргі заман футзалының «алыптары» – испаниялық «Интер» мен португалиялық «Спортинг» арасындағы бақталастық туралы айтпақпыз.

<h2>Екі финал – бір қорытынды</h2>

Алматы қаласында өтетін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы Төрттік финалының басталар уақыт жақындап келеді. Соңғы екі маусымның финалында «Спортинг» (Лиссабон) пен «Интер» (Мадрид) финалда титул үшін тайталасса, биыл тағдыр екеуін жартылай финалда тоғыстырды.

Соңғы екі жылда қос команданың да финалға шығуы қиынға соққан еді. 2017 жылы «Интер» капитаны Карлос Отис жартылай финалда «Қайратқа» қарсы ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда гол соғып, испаниялықтар алаң иелерін 3:2 есебімен жеңді. Осылайша, испаниялық клуб «Спортингке» қарсы финалдық бәсекеге жолдама алған болатын.

Матчтың басында «Спортинг» өзінің тартысты ойынымен «Интерден» басым түсуге тырысқанымен, жолдары болмады. Веласко бастаған команда қарсыласына алғашқы таймда екі гол, ойынның екінші жартысында бес гол соғып, сенімді жеңіске қол жеткізді - 7:0. Сонымен қатар, 2017 жылғы үздік ойыншы Рикардиньо финалда дубль жасап, турнирде өз есебіне 4 гол және 3 ассист жазды.

7:0 есебімен жеңіске жету еуропалық турнир финалының тарихында болмаған. 

Ал былтырғы маусымның жартылай финалы «Интер» мен «Спортинг» үшін әрқалай өтті. Португалиялық клуб Төрттік финалдың дебютанты «Дьер» командасын 6:1 есебімен оп-оңай жеңсе, мадридтік клубқа «Барселонамен» болған қақтығыста терлеп-тепшуге тура келді. «Интер» капитаны Карлос Ортис сол ойында командасына финалға жолдама әперді– 2:1.

Командалар арасындағы қатарынан екінші финалдық матч тартысты өтті. Үшінші минутта әлемнің үздік ойыншысы Гадейя гол соқты. Есеп - 1:0.

«Спортинг» те қалыспай, Алекс Мерлим мен Диего Кавинато екеулеп жүріп есепті теңестірді – 1:1. Алайда «Интердің» тәжіребиесі көрініп тұрды. Рикардиньо мен Элисандро әдемі екі гол соғып, екінші тайм алдында есепті 3:1 қылды.

Үзілістен соң «Интер» тағы да үдете түсті. Рафаэль Маркао қақпасына гол соғып, есеп 4:1 болды.

Матч аяқталарға 5 минут қалғанда «арыстандардың» бапкері Нуно Диаш Диогоны алаңға шығарды, ол да тез арада екінші голды соқты. Есеп – 4:2.

Испаниялық клуб жеңіске жетуге 3 секунд қалғанда Пола 5-ші голды қақпада тулатты. 5:2 есебімен финалдық кездесуде тағы да «Интер» басым түсті.

«Интердің» кезекті жеңісі. «Спортингтың» еуропалық жүлдені алу жолында арманы тағы күл- талқан болды...

 Өткен жылғы кездесу мынадай рекордтар орнатты:

  • «Интер» сегізінші рет финалға жолдама алды, УЕФА Кубогының бесінші жүлдесін қанжығаларына байлады;
  • «Интер» екі жыл қатарынан жүлдеге ие болған «Кастельоннан» (2002,2003) кейінгі екінші клуб.
  • «Интер» футзалдан УЕФА Кубогы аясында 13 рет қатарынан матчта жеңіске жеткен; Осылайша, «Кастельонның» рекордын қайталады;
  • «Интер» үш рет қатарынан финалға жолдама алған.
<h3>Басқа да кездесулер</h3>

Екі финалдық матчтан бөлек, «Интер» мен «Спортинг» УЕФА Кубогы аясында кездескен болатын. Лиссабондық клуб минималды есеппен Элиталық кезеңде 2014/15 жеңіске жетті.

2017 жылы Мастерс Кубогында тағы да португалиялықтар жеңісті жұлып әкетті - 4:3.

«Спортинг» Мастерс-2018 турнирінде испаниялық клубты жеңді - 4:2.

<h3>Кім жеңіске жетеді?</h3>

Көріп тұрғанымыздай, есеп тең – «Интерде» де, «Спортингте» де үш жеңістен.

«Интерден»  0:7 есебімен ұтылған «Спортингтің» жағдайы бұл жолы қалай болар екен? Португалиялық клуб испандармен шайқаста тосқауылдан өте ала ма?

Оны сәуір айында білетін боламыз.

Айта кетейік, биылғы төрттік финал Алматы қаласындағы «Алматы-Арена» көпфункциялы спорт кешенінде 26-28 сәуір аралығында өтеді. «Қайрат» 26 сәуірде «Барселонамен» кездеседі.

 Жылдың басты футзал турниріне билеттерді zakazbiletov.kzkassir.kz  және ticketon.kz сайттарынан сатып алуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или