Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері марапатталды
Футзалдан 2018-2019 жылғы маусымда Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдесін рудныйлық «Аят» иеленді. Қола жүлдені тұңғыш рет талдықорғандық «Жетісу» жеңіп алды. Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының Футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев қатысты.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионы атағын алматылық «Қайрат» жеңіп алған еді. «Қайрат» ойыншылары бұл атаққа 16 рет қол жеткізіп, Чемпиондар Лигасына жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или