Финал тарихы. 2008/09 жылғы маусым

Финал тарихы. 2008/09 жылғы маусым

Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі алдында «Қайрат» футзал клубының ресми сайты УЕФА кубогыТөрттік финалының тарихымен таныстыруды жалғастырады.

2007/08 маусымнан соң алматылық ұжым біраз өзгеріске ұшырады. «Қайрат» маусымды жаңадан келген бапкер Жоао Барбозаның қол астында бастады. Бразилиялық жаттықтырушы тәртіпке қатаң еді. Осының арқасында аз уақыттың ішінде «Қайратты» еуропалық деңгейдегі ұжымға айналдыра білді. «Барбоза өте ауқымды жұмыс атқарды. Ол «жоғары лиганың» маманы. Біздің ойымыздағыдай команданы құра білді», - деп еске алады Әнуар Оразбеков. Жоао Барбоза «Қайраттың» тізгініндегі алғашқы маусымында-ақ УЕФА Кубогының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Еуромаусым сәтсіз басталған болатын. Элиталық кезеңде «Қайрат» бельгиялық «Аксьон 21» командасынан тек соққан голдар айырмашылығының арқасында озып, жалғыз жолдаманы иеленді. Жартылай финалда алматылық ұжымды болашақ Кубоктың иегерлері «Интер» күтіп тұр еді. Бұл кездесуде испаниялықтар басым болды. Ал үшінші орын үшін өткен матчта «Қайрат» ресейлік «Динамодан» айласын асырып, қола жүлдені жеңіп алды. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды Карлиньос соққан еді.

Сол кезде ҚФФ футзал және жағажай футболы департаментінің басшысы бұл жетістікті:

- «Қайраттың» алдына Кубокты көтеру, кем дегенде жүлдеге іліну мақсаты қойылды және команда нәтиже көрсетті. Командамыз екінші мақсатты орындады. Дамып келеміз. Бұған дейін «Қайрат» төртінші орыннан жоғары аспайтын. Жарыс жолында кездескен қарсыластарымызға қарай отырып, жеңістің екі есе тәтті екенін түсесің. «Интер» - Испанияның бірнеше дүркін чемпионы, УЕФА Кубогында үш мәрте топ жарған тәжірибелі команда. «Динамо» болса Ресей біріншілігін бес мәрте жеңіп алған. УЕФА Кубогында да құр-алақан емес», – деп қорытындылаған еді.

Финал тарихы. 2007/08 жылғы маусым

Сәуір айында Алматы ендігі УЕФА Чемпиондар лигасы деп аталатын турнирдің финалын үшінші мәрте қабылдайды. Оңтүстік астанамызда Еуропаның үздік төрт командасы бақ сынайды. Атап айтқанда, «Қайрат» (Алматы), «Барселона», «Спортинг» (Лиссабон) және «Интер» (Мадрид).

26 сәуір

Жартылай финал

18:45 - «Спортинг» - «Интер»

21:30 - «Барселона» - «Қайрат»

28 сәуір

18:45 - Үшінші орын үшін матч

21:30 - Финал

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или