Футзал

«Қайрат» - Қазақстан чемпионатының 16 дүркін жеңімпазы

«Қайрат» - Қазақстан чемпионатының 16 дүркін жеңімпазы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан чемпионатының 24-ші турында «Қайрат» алтын медаль үшін тартыстағы басты бәсекелесі «Аят» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айтарға алтын үшін тартысқа толы матч дегенімізбен, «Қайрат» рудныйлық команданы қарсылас құрлы көрген жоқ. Ойынның бірінші бөлігінде-ақ есепті 4:0-ге жеткізіп, матч тағдырын шешіп қойды. Ал екінші таймда командалар бір-бір голдан соқты.

Осылайша, чемпионаттың аяқталуына төрт тур қалғанда алматылық команда басты қарсыласынан 15 ұпайға ұзап кетті де, 16-шы мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Әрі келесі маусымға Чемпиондар Лигасына жолдама алды.

Айта кетейік, «Қайрат» биыл ел біріншілігі аясындағы 22 ойынның барлығында жеңіске жетіп, 66 ұпай жинады.

Қазақстан чемпионаты 2018/19

«Қайрат» 5:1 «Аят»

Гол соққандар: Диего 1, Ранжел 8, 18, Тайеби 16, Рахимтаев 22 - Валиуллин 27

17 наурыз, Алматы, СК «Зенит»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер