Алексей Луценко «Тиррено-Адриатико» көпкүндігінің төртінші кезеңінде топ жарды
Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко «Тиррено-Адриатико» додасының төртінші кезеңінде топ жарды.
Спортшылар төртінші кезеңде Фолиньодан Фоссмобронеге дейінгі 221 шақырымды жүріп өтуі тиіс еді. Луценко бұл қашықтықты 5 сағат 16 минутта бағындырды.
Мәреге соңғы 20 шақырым қалғанда біздің спортшы екі рет құлап қалғанына қарамастан, жеңімпаз атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или