Чемпиондар лигасының финалына билеттер сатылымға шықты
2018/19 жылғы футзалдан Чемпиондары Лигасы төрттік финалы аясында өтетін матчтардың билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жылдың басты футзал турниріне билеттерді zakazbiletov.kz, kassir.kz және ticketon.kz сайттарынан сатып алуға болады.
Айта кетейік, биылғы төрттік финал Алматы қаласындағы «Алматы-Аренеда» көпфункционалды спорт кешенінде 26 сәуірден 28 сәуір аралығында өтеді.
Жартылай финалдың жеребесі 1 ақпан күні Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасында өткен жолдастық кездесу кезінде тартылған еді. Нәтижесінде «Қайрат» испаниялық «Барселонамен», ал «Спортинг» (Португалия) футзал клубы «Интермен» (Испания) жұп құраған.
26 сәуір
Жартылай финал
18:45 Спортинг - Интер
21:30 Барселона - Қайрат
28 сәуір
18:45 Үшінші орын үшін матч
21:30 Финал