Данияр Елеусіновтің қарсыласы өзгерді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) АҚШ-та алтыншы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
BoxRec.com сайтының мәліметінше, Данияр Елеусінов 15 наурыз күні АҚШ-тың Филадельфия қаласында 36 жастағы мексикалық боксшы Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.
Бұған дейін қазақстандық боксшы мексикалық Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) жекпе-жек өткізуі қажет еді. Алайда Карлос Хименес жекпе-жектен бас тартып, 16 наурыз күні Канадада Батыр Жүкембаевпен кездесуді шешкен.
<span>Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов соңғы кездесуін 24 қараша күні Монте-Карлода өткізіп, никарагуалық Маркос Мохиканы үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или