Төрттік финал ойындары басталатын уақыт белгілі
2018/19 жылғы футзалдан Чемпиондары Лигасы төрттік финалы аясында өтетін матчтардың басталу уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, биылғы төрттік финал Алматы қаласында өтеді. Жартылай финалдың жеребесі 1 ақпан күні Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасында өткен жолдастық кездесу кезінде тартылған еді. Нәтижесінде «Қайрат» испаниялық «Барселонамен», ал «Спортинг» (Португалия) футзал клубы «Интермен» (Испания) жұп құраған.
«Алматы-Аренеда» өтетін «Барселона» мен «Қайрат» арасындағы матч Астана уақыты 21:30-да басталады.
26 сәуір
Жартылай финал
18:45 Спортинг - Интер
21:30 Барселона - Қайрат
28 сәуір
18:45 Үшінші орын үшін матч
21:30 Финал
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или