Бельгиялық велошабандозды автобус қағып кетті

Бельгиялық велошабандозды автобус қағып кетті
<p style="text-align: justify;"> <strong>Шетелдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, IAM командасының шабандозы, бельгиялық Кристоф Годдар автобустың астына түсіп қайтыс болды. Бұл қайғылы оқиға спортшының туған жері Антверпенеде орын алды.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Бельгиялық баспасөздің пайымдауынша, оқиға орнына лезде жеткен жедел-жәрдем де, өкінішке қарай, спортшыға көмек көрсете алмаған. Мән-жайды анықтау барысында велошабандоздың өзі кәнәлі болып шықты. Велосипедті дұрыс басқара алмай жазатайым автобус астына түскен спортшы сол жерде көз жұмды. Ал автобус жүргізушісі есеңгіреген қалпында ауруханаға жеткізлді.</p> <p style="text-align: justify;"> Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Годдар &laquo;Тур Катар&raquo; жарысына қатысқан болатын. 2009 жылы тура осы жарыста Годдардың командалық серіктесі Фред Нольф қайтыс болған. Кристоф досының жерлеу рәсімдеріне қатысып, табытты көтерушілердің қатарында болған екен.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или