Алексей Луценко «Оман турының» екінші кезеңін жеңіп алды

Алексей Луценко «Оман турының» екінші кезеңін жеңіп алды

«Астананың» қазақстандық велошабандозы Алексей Луценко «Оман туры» көпкүндігінің екінші кезеңінде жеңіске жетті.

Луценко 156,5 шақырымдық қашықтықты бірінші олып өтіп шықты. UAE-Team Emirates өкілі Александер Кристофф екінші орын алды. Ал үшінші орынды Team Dimension Data шабандозы Райан Гиббонс иеленді.

Осылайша, қазақстандық шабандоз жалпы есепте екінші орынға көтерілді.

Естеріңізге салсақ, Луценко былтыр осы көпкүндікте жеңіске жеткен болатын.

«Оман туры». Екінші кезең

  1. Алексей Луценко («Астана») - 4:07:19
  2. Александер Кристофф (UAE-Team Emirates)
  3. Райан Гиббонс (Team Dimension Data)

....10. Магнус Корт («Астана»)

  1. Уго Уль («Астана»)
  2. Евгений Гидич («Астана»)
  3. Артем Захаров («Астана»)
  4. Давиде Баллерини («Астана»)
  5. Жандос Бижігітов («Астана»)

«Оман туры». Жалпы есеп.

  1. Александер Кристофф (UAE-Team Emirates) - 7:01:56
  2. Алексей Луценко («Астана»)
  3. Райан Гиббонс (Team Dimension Data)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или