UFC басшысы Хабиб пен Конордың мүмкін қарсыластарының есімін атады
UFC басшысы Дэйна Уайт Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың мүмкін қарсыластарын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
6 қазанда Нурмагомедов Макгрегорды тұншықтыру әдісісмен жеңіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды. <span>Алайда кездесу біте салысымен Нурмагомедов октагонның қоршауынан асып түсіп, қарсылас команданың өкілдерімен төбелесе бастады.</span>
Қаңтар айында Невада штатының атлетикалық комиссиясы Хабибті 9 айға спорттан шеттеген болатын. Ал Конор 6 айға жазаланды.
Уайттың айтуынша, Конор пен Дональд Серроненің кездесуін ұйымдастырмақшы.
«Конор мен Серроне кездескенін қалаймын. Олар бір-бірін талай рет октогонға шақырған болатын. Конор біз ұсынған файтерлердің ешқайсысынан бас тартқан емес, бәрімен жекпе-жек өткізуге дайын. Егер олар келіссе, біз де дайынбыз.
Хабибке келер болсақ, ең алдымен, шектелген уақыты аяқталсын. Менің ойымша, Нурмагомедовтің Тони Фергюсонмен жекпе-жегін ұйымдастыру керек. Егер Конор Серронені, Хабиб Тониды жеңсе, реванш міндетті түрде болады», — деді Уайт ESPN-ге берген сұқбатында.