«Астананың» «Валенсия Вуэльтасына» қатысатын құрамы өзгерді

«Астананың» «Валенсия Вуэльтасына» қатысатын құрамы өзгерді

Astana Pro Team басшылығы «Валенсия Вуэльтасы» көпкүндігіне қатысатын құрамға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін жарияланған тізіммен салыстырғанда, қазақстандық Андрей Зейц пен испаниялық Горки Исагирренің орнына эритреялық Мерхави Кудус пен испаниялық Омар Фрайле өнер көрсетеді.

Олардан бөлек, испаниялық шабандоздар Луис Леон Санчес, Пельо Бильбао мен Йон Исагирре, канадалық Уго Уль мен даниялық Магнус Корт «Астананың» сапынан сынға түседі. Спорт директорлары – Александр Шефер мен Дмитрий Седун.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или