Beautiful Football
Футбол

«Америкада ойнап жүр, талай қазақ баласы»

«Америкада ойнап жүр, талай қазақ баласы»
news-banner7
mobile-news-top

Футболшыларымыз шекара асып, шетел біріншіліктерінде доп теппейді деп ренжиміз. Көрші Ресейге кеткен бірен-саран футболшыларымыз үшін қуанамыз. Алайда мұхиттің ар жағындағы Америкада ойнап жүрген футболшыларымыз жайлы біле бермейміз.

Солардың бірі - Константин Хан. Алматыдағы жастарға арналған футбол мектебінің (ФШМ) түлегі. 23 жастағы футболшы Қазақстан жасөспірімдер құрамасында доп тепкен. Өз жасында әр түрлі чемпионаттарда ойнаған. Қазақстанның бірінші лигасында да өнер көрсеткен. Талдықорғандық «Жетісу-Б» және «Қаскелең» клубтарының жейдесін киген.

Қазіргі таңда Константин Хан Американың Bethesda университетінің құрамасының сапында ойнайды. Әрі оқиды, әри бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарады. Міне, доппен достасқан аяқдопшымыз білім жолында мұхит асып, Америкада жүр.

Бұған дейін Азамат Исмағұлов есімді футболшымыз туралы жазған едік. Қазір Азамат АҚШ-тың үшінші лигасында «Western Nevada FC» командасында доп тебеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер