Алматыда әлемнің үздік қақпашысы марапатталады
Қазақстан мен Хорватия арасындағы жолдастық матчтың үзілісінде әлемнің үздік қақпашысы Игитаны марапаттау шарасы болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» АФК пен Қазақстан құрамасының вице-капитаны ойынның ортасында Ұлттық Олимпиада комитетінің басты хатшысы Сәкен Мұсайбековтың қолынан UMBRO Futsal Awards жүлдесін алады.
Игита әлемнің үздік қақпашысы жүлдесін үшінші рет (бұған дейін 2005 және 2016 жылдары) алып отыр.
Айта кетейік, «Қайрат» пен Қазақстан құрамасын жаттықтыратын Кака бапкерлер рейтингісінде екінші орын алса, Дуглас пен Тайнан әлемнің топ-5 үздік ойыншысы тізіміне енді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или