Футзал

Біржан Оразов: Тек жеңіс үшін ойнаймыз

Біржан Оразов: Тек жеңіс үшін ойнаймыз
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Хорватиямен өтетін жолдастық кездесу алдында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің сауалдарына жауап берді:

- Өткен жылдың қарашасында «Қайратпен» бірге Чемпиондар Лигасына алғаш рет қатыстыңыз. Төрттік финалына да алғаш рет қатысқалы отырсыз. Қандай әсердесіз?

- Чемпиондар Лигасындағы алғашқы финал болмақ. Маңызды турнир. Төрттік финалында ойнау мен үшін үлкен абырой. Жүз пайыз дайындаламын.

- Хорватиямен ойынға қалай дайындаласыз?

- 29 қаңтардан бастап дайындықты бастаймыз. Бапкерлер жаттығу бағдарламасын әзірлеп қойды. Хорватиямен өтетін кездесуде жақсы ойын көрсетеміз деп үміттенеміз.

- Алдағы ойындардан қандай сабақ шығармақсыз?

- Хорватиямен өтетін жолдастық кездесуде ойыншылар арасында байланысты қалыптастыру маңызды болмақ. Жаңа ойыншылар келіп, құрама жаңара түсті. Бірақ, екі ойында да жеңіс үшін ойнаймыз.

- Жанкүйерлерге айтар тілегіңіз?

- Барша жанкүйерлерді Қазақстан мен Хорватия арасындағы жолдастық кезедсуге шақырамын. Жанкүйерлерге ұнайтын тартысты ойындар болады деп үміттенемін. Бізге әрқашан жанкүйерлердің қолдауы қажет.

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы алғашқы ойын 1 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Басталуы - 18:00. Билеттерді www.ticketon.kz және zakazbiletov.kz сайттарынан онлайн сатып алуға болады. Билетттің құны 500-1500 теңге аралығында.

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы екінші ойын 2 ақпан күні 17:00-де өтеді. «Бағанашыл» спорт кешеніндегі «Зенит» залында өтетін ойынға кіру тегін!

Түпнұсқасы: kff.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0