Қазақстан велотрекшілері із кесу жарысында финалға өте алмады

Қазақстан велотрекшілері із кесу жарысында финалға өте алмады

Гонконгте велотректен әлем кубогінің ең соңғы алтыншы кезеңі өтуде деп хабарлайды Olympic.kz. 

Кубоктік доданың алғашқы жарыс күнінде Қазақстан велотрекшілері із кесушілер жарысында финалға өте алмады. 

Біздің команда 16-шы орыннан көрінген. Іріктеу кезеңінде Италия, АҚШ және Франция шабандоздары көш бастады. 

Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан намысын Артем Захаров, Роберт Гайнеев, Асылхан Тұрар, Әлішер Жұмақан, Павел Воржев, Андрей Чугай, Сергей Пономарев, Максим Налетов қорғауда. 

Әлем кубогі кезеңі 27 қаңтар күні аяқталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или