Футзал

Қазақстан - Хорватия матчының билеттері сатылымға шықты

Қазақстан - Хорватия матчының билеттері сатылымға шықты

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы жолдастық кездесудің алғашқы ойынына билеттер онлайн сатылымға шықты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы алғашқы ойын 1 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Басталуы - 18:00.

Билеттерді www.ticketon.kz және zakazbiletov.kz сайттарынан онлайн сатып алуға болады. Билетттің құны 500-1500 теңге аралығында. 

Билеттерді келесі мекенжайлар бойынша да сатып алуға болады:

«Тикетон» (Алматы):

1. «Globus» сауда ойын-сауық орталығы, Абай даңғылы, 109 В, 2 қабат, «Тикетон» кассасы;

«Меломан» (Алматы):

1. «Grand», Гоголь көшесі, 58 (Панфилов көшесімен қиылыс);

2. «MEGA Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығы, Розыбакиев көшесі 247;

3.  «Esentai Mall» сауда ойын-сауық орталығы, пр. Аль-Фараби, 77/8, 3 қаюат;

4. «Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығы, Самал-2, 111, (Достық даңғылы, Жолдасбеков көшесінің қиылысы), 3 қабат.

Айта кетейік, Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы екінші ойын 2 ақпан күні 17:00-де өтеді. «Бағанашыл» спорт кешеніндегі «Зенит» залында өтетін ойынға кіру тегін! 

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0