Футзал

Шыңғыс Есенаманов: Хорватиялықтар румыниялықтардан мықтырақ

Шыңғыс Есенаманов:  Хорватиялықтар румыниялықтардан мықтырақ
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Шыңғыс Есенаманов Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында алдағы жолдастық кездесудегі қарсыластың қарымы мен сәуір айында Алматыда өтетін УЕФА Чемпиондар Лигасының төрттік финалынан не күтетінін әңгімелеп берді:


- Ақпан айында Хорватия құрамасымен екі жолдастық матч өткіземіз. Қарсылас туралы айтып өтсеңіз?

- Хорватия – жақсы еуропалық команда. Ойыншыларының дене бітімі үлкен, техникалық шеберлігі жоғары. Олар әртүрлі турнирге қатысып, әрдайым спаррингтер өткізіп тұрады. 2016 жылғы Еуропа Чемпионатында кездесіп, 4:2 есебімен жеңіске жеттік. Ойыншылары Еуропаның жетекші клубтарында ойнайды. Хорватия құрамасымен өтетін алдағы екі жолдастық матч біз үшін жақсы дайындық деп санаймын.

- Жеребе қорытындысы бойынша 2020 жылғы Әлем Чемпионатының негізгі іріктеу кезеңіндегі қарсыластарымыздың бірі – Румыния құрамасы. Бұл құрама Хорватияға ұқсай ма?

- Менің ойымша, хорватиялықтар румыниялықтардан мықтырақ.

- 2015 жылы Кэлэраши қаласында өткен кездесу есіңізде ме? Өкінішке қарай, сол ойында алаң иелері Румыния құрамасы жеңіске жетті (ЕЧ-2016 іріктеу турнирі. Румыния-Қазақстан – 6:4 – ескертпе ҚФФ). Биыл қарымта қайтара аламыз ба?

- Әрине! Төрт жыл бұрын біздің құрама енді жасақталған еді. Жаңа бапкер келді. Сол ойында тәжірибе жетіспеген сыңайлы. Оның үстіне Румыния құрамасы өз алаңында ойнады. Тартысты кездесу болды. Жақсы ойнағанымызбен, нәтиже болмады. Әрі қарай Португалия құрамасын ұтып, топтан екінші орын шықтық. Бұл да бір сенсация еді.

- Алда тағы бір маңызды турнир күтіп тұр. УЕФА Чемпиондар Лигасының төртттік финалы. Алматыда өтетін ойыннан не күтесіз?

- Жеңіс күтемін. Чемпиондар Лигасы - маусымдағы ең басты турнирлердің бірі. Көптен бері жеңіске жетпедік. Маңызды турнирге дайынбыз. Ресейлік қарсыластармен жолдастық ойындар өткіздік. Жақын арада жолдастық ойындарды Еуропада өткізу жоспарланған. Чемпиондар Лигасының финалы – жанкүйерлер үшін нағыз мереке. Сол мерекеде жеңісті тойлау басты мақсат болып саналады.

- Маусымда алға қойған мақсаттарыңыз?

- Ең басты мақсат – Чемпиондар Лигасын жеңіп алу. Қазақстан құрамасы жақын арада ресми ойын өткізбейді. Ұлттық құрамада да жақсы нәтиже көрсетуге ұмтыламыз. Сонымен қатар, Қазақстан Чемпионатын ұтып алу маңызды. Өйткені, келесі маусымда Чемпиондар Лигасына қайта қатысуға мүмкіндік береді. Жарақаттан аман болу. Өткен маусымның соңына қарай жиі жарақат алдым. Сол себепті абай болған жөн.
Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер