«Ақжайық» Орынбордың «Локомотивін» ойсырай ұтты

«Ақжайық» Орынбордың «Локомотивін» ойсырай ұтты

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Орынбордың «Локомотивін» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>«Жастар» стадионында өткен кездесуде оралдықтар ойынның алғашқы таймында-ақ 3 доп соғып үлгерді. Екінші кезеңде арты-артынан 8 доп соқты. Қорытынды есеп - 11:1. </span>

Осылайша, Оралдың «Ақжайығы» Орынбордың «Локомотивін» тас-талқан етіп жеңіп кетті.

<span> «Ақжайық» хоккейшілерінен, әсіресе, ресейлік легионер Максим Пахомов төрт голдың авторы атанып, ерекше көзге түсті. </span>

<span>Қос команда ертең екінші кездесуін өткізеді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или