Хоккей

«Ақжайық» Орынбордың «Локомотивін» ойсырай ұтты

«Ақжайық» Орынбордың «Локомотивін» ойсырай ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Орынбордың «Локомотивін» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жастар» стадионында өткен кездесуде оралдықтар ойынның алғашқы таймында-ақ 3 доп соғып үлгерді. Екінші кезеңде арты-артынан 8 доп соқты. Қорытынды есеп - 11:1.

Осылайша, Оралдың «Ақжайығы» Орынбордың «Локомотивін» тас-талқан етіп жеңіп кетті.

«Ақжайық» хоккейшілерінен, әсіресе, ресейлік легионер Максим Пахомов төрт голдың авторы атанып, ерекше көзге түсті.

Қос команда ертең екінші кездесуін өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер