Игита: Жеке марапаттан құраманың жеңісі маңызды

Игита: Жеке марапаттан құраманың жеңісі маңызды
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игита ҚФФ баспасөз қызметіне ел біріншілігі және құрама, сонымен қатар марапаты жайлы айтып берді.  

- Қазақстан чемпионаты қалай өтіп жатыр?

- Жыл сайын чемпионат деңгейі өсіп келеді. Жақсы командалар жиналды. Олардың ішінде өте қызықтылары жетерлік. 

- Чемпиондар лигасының төрттік финалына дайындық жайлы айтып өтсеңіз...

-<span> </span>Жаңа жылдан кейін біз физикалық дайындығымызды пысықтап жатырмыз. Жаттығу жылдағыдай жоғары деңгейде. Ойын кестесі мен қарсыласымыз анықталғанда,  жеке командаларға қарсы дайындаламыз деп ойлаймын. Финалда өз үйімізде ойнау - арман. Биікті бағындыру үшін командамен барымызды саламыз. 

- Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына жастар көп шақырту алды. Командаға жаңа ойыншылардың келуіне қалай қарайсыз?

-<span> </span>Шынымен соңғы кездері Қазақстанда жақсы ойнап жүрген жастар көп шығып келеді. Айтып өткенімдей, чемпионаттың деңгейі өсіп келеді. Ойыншылар да соған сай шеберлігі шыңдалады. Осындай жас балалардың командамен бірге өскені көңіл қуантады. Оларға барымызды үйретіп, Қазақстан құрамасы секілді жетістікке жетуге көмегімізді аямаймыз. 

- Құрамаға қақпашы Салауат Байралиев шақырту алды. Осы жайлы ойыңыз қалай? 

- Ол өзінің шеберлігін көрсете білген қақпшы. Сондықтан бас бапкердің көзіне ілініп, командаға шақырту алды. Құрамада тек үздіктер ғана ойнайды. 

- Жиында Хорватияға қарсы екі жолдастық кездесу болады. Сіздерге бұл қарсылас таныс. Хорватиялық әріптестеріңіз жайлы не айтасыз?

-<span> </span>Хорватия - өте мықты құрама. Ойыншылары Испания, Италия секілді елдерде ойнайды. Осыған дейінгі кездесулер қиынға түскен еді. Оңай болмасы анық. Біз үшін өз күшімізді тексеріп алатын және тәжірибе жинақтайтын жақсы ойын болады. 

- Сізді үшінші рет «Әлемнің үздік қақпашысы» номинациясын жеңіп алғаныңызбен құттықтаймыз. Қандай сезімде болдыңы?

-<span> </span>Көп рақмет. Әлемнің үздігі болу мен үшін қуаныш. Үшінші рет алсам да, бірінші рет алғандай болдым. Бес жасымнан бері ойнасам да, ойыншы ретінде өсуге тырысамын. Кім өз ісінде үздік болғысы келмейді (күлді)? Бала кезімнен ерекше дүниені күттім.  Мықты болу үшін жаттығу жасадым. Осы номинацияға лайықтымын деп айта аламын. Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» АФК өзімді көрсетуге мүмкіндік берді. Осы жерде тоқтап қалмай, ары қарай да жұмыс істеймін. Жеке марапаттар, әрине, маңызды, дегенмен клубпен бірге Чемпиондар лигасын ұту немесе құрамамен Еуропа және әлем чемпионатында жеңімпаз болу маңыздырақ. Денсаулығым мен эмоция және мотивация бар кезінде бар күшімді саламын. Төртінші, бесінші рет үздік қақпашы атанғым келеді, бірақ  құрама мен «Қайраттың» жеңісі бәрі бір маңыздырақ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или