«Даун Андер турының» 1-ші кезеңінде «Астана» шабандозы құлап қалды

«Даун Андер турының» 1-ші кезеңінде «Астана» шабандозы құлап қалды

Аделадеде «Даун Андер туры» көпкүндігінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұзындығы 129 шақырым болатын жарыс жолында «Астана» командасының шабандозы Мануэль Боаро байқаусызда құлап қалды. 

Команданың спорттық директоры Ларс Михаэльсеннің айтуынша, Боаро жарақаттан аман әрі бұл кезеңді соңына дейін аяқтады.

Айта кетейік, «Астана» сапынан үздік нәтижені Давиде Баллерини көрсетті. Ол мәре сызығын 12-ші болып кесті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или